Қыздар мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2001 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні - мемлекеттік мереке саналады.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер аталып өтетін күндер - Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Ол күндер демалыс болып саналады. Ал демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда демалыс күні бір күнге созылады.

Биыл 8 наурыз сейсенбіге тура келіп тұр. Осыған орай Үкімет қаулысымен 7 наурыз күнгі жұмыс күні 5 наурыз сенбіге ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күніне орай 6,7, 8 наурыз демалады.


Соңғы жаңалықтар