Қыз зорламақ болған күдіктіні қолға түсірген әскери қызметкер марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Облыстық полиция департаментінің бастығы 66/55 әскери бөлімінің жетекші маманы Андрей Петровқа алғыс хат тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 66/55 әскери бөлімінің жетекші маманы Андрей Петров қызды зорлық болған адамды қолға түсірді. Оқиға 15 маусым күні сағат 03:00-де болды. Андрей Петров өз пәтерінің балконына шыққан кезде көмекке шақырған әйелдің дауысын естиді. Сыртқа жүгіріп шыққан ол бұталардың арасында әйелге зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан ер адамды көреді. Бірден оның қолын қайырып, шетке итеріп жібереді. Осы қылмыстың куәгері ақтөбелік Толғанай Лесбаева видеожазбаға бәрін түсіріп алып, полицияға қоңырау шалып, көмекке шақырған. Қашып кетпекке әрекеттенген кезінде жібермей, ұстап тұрған. Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бүгін облыстық Полиция департаментінің бастысы Атығай Арыстанов екі құтқарушыға алғысын білдірді.

«Батылдық танытып, күдіктіні ұстауға көмек көрсеттіңіз. Мұндай ерлік өскелең ұрпаққа үлгі. Полицияға көмектесіп, бір адамның өмірін сақтап қалған сіздерге алғыс айтамыз», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті бастығы А.Арыстанов.

Қырағылық пен батыл іс-әрекеті үшін Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов 66/55 әскери бөлімінің жетекші маманы Андрей Петровқа және куәгер Толғанай Лесбаеваға салтанатты түрде алғыс хатты табыстады. Андрей Петров – Мұғалжар ауданы, Жем қаласының тумасы. Ұлттық ұланда 2017 жылдан бері қызмет етеді.

«Бұл – ерлік емес. Кез келген адам осылай жасар еді. Көмекке шақырған адамға қол ұшын беру – ер азаматтың борышы», – дейді жетекші маман А. Петров.


Соңғы жаңалықтар