+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қыз-келіншектер Қазақстан армиясында қандай қызмет атқарып жүр

2021 жылғы 9 шілде 18:01
Бөлісіңіз:
Қыз-келіншектер Қазақстан армиясында қандай қызмет атқарып жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Қарулы Күштер сапындағы әйелдердің қандай саланы игергенін айтты, хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы 60 пайызға жоғарылайды - Президент ҚР Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды Ұлттық ұлан әскери бөлім командирлерінің жауынгерлік шеберлігі сыналды

«Ресми дерек бойынша, Қарулы Күштерде 7000-нан астам әскери әйел қызмет атқарып жүр. Оның 913-і – офицерлер, оның ішінде «полковник» әскери атағына ие болған 20 адам бар», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, Қарулы Күштер қызметінің барлық сласында әйелдер қызмет атқарып жүр.

«Кәсіби бағдары айрықша әскери мамандықтарда да қазақстандық әйелдер жұмыс істеп келеді. Әйел ұшқыштар, әйел мергендер, арнайы жасақта қызмет етіп жүрген әйелдер, басқа да түрлі мамандықтар бойынша да міндетін орындап жүргендер бар. Ондай әйелдер баршылық, әрине. Бірақ негізінен әскери әйелдер салаға қызмет көрсету бөлігінде көп істейді. Медицина, қаржылық қамтамасыз ету және өзге де көмекші рөлдегі қызметтерде шоғырланған», - деді Тимур Дәндібаев.

Сондай-ақ, ол аталмыш шарада қазақ әскерилерінің Ауғанстан шекарасын күзетуге бару ықтималдығы туралы пікір білдірген болатын.

«Халықаралық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, қолдау үшін қандай да бір контингентті жіберу үшін бізге бірнеше шарт керек. Ол шарттың бірі – екі тараптың бірі Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына көмек сұрап жүгінуі тиіс. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім шығуы қажет. Әрине, ол шешімді біздің елдің Парламенті ратификациялап, халықаралық миссия атқаратын контингенттің жіберілуіне рұқсат беру керек. Осы шарттардың бәрі орындалған жағдайда біз сәйкесінше өзіміздің халықаралық міндеттерімізді орындауға дайынбыз», - деді Тимур Дәндібаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT