Қыз баланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
    АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қыз баланы қағып, оқиға орнында қалдырып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол оқиғасы 8-желтоқсан күні кешке болған. 11 жастағы қыз бала құрбысымен Достық көшесін бағдаршам тұсында кесіп өтіп бара жатқан. Сол сәтте қара түсті көлік баланы қағып кетті.

Балалар көліктің тек түсін ғана байқап қалған.

«Бізде тек қана қара түсті көлік екені ғана белгілі болды. Полиция көлікті табу үшін бірқатар кешенді тексеру шараларын жүргізді. Көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексерілді. Осы жұмыстардың арқасында «Ауди» көлігінің иесі 51 жастағы әйел ұсталды. Әйел басында өзінің қылмысқа қатысы жоқтығын айтып ақталып келген. Бірақ көлденең тартылған дәлелдерден соң істегенін мойындады», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Қазір жүргізушіге қатысты ҚР ӘқК 610-бабының 2-бөлімі, 611-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Қыз бала қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты.

Оның алдында қыздың анасы Алла Пархоменкомен тілдескен болатынбыз.

Оның айтуынша, жүргізуші баланы қаққан соң көлікке отырғызып алып, қызды 3 аялдамадан соң түсіріп кеткен.

Соңғы жаңалықтар