Қыз алып қашу қай санаттағы қылмысқа жатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қыз алып қашу салты қандай санаттағы қылмыс екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасында қыз алып қашуға қатысты ерекше бап жоқ. Бұл баяғыдан адам ұрлау бабына жатады. Сол бап бойынша қаралып, жаза тағайындалады. Әрине, бұл жерде әрбір жағдайды ерекше қарау керек. Күш көрсету арқылы алып қашса, ауыр қылмыс санатына жатады. Мұндайда ешқандай татуласуға жол берілмейді. Дегенмен, мұндай жағдайлар қылмысына қарай, жасалған іс-әрекетіне қарай қарастырылады», - деді Бас прокуратура өкілі.




Соңғы жаңалықтар