Қыз алып қашпақ болған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды – Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 17 жастағы қызды алып қашпақ болған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір 19 жастағы азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиға Іле ауданында болған. Ал үстінен тергеу жүріп жатқан жігіт қызбен бұған дейін жүргенін айтып ақталып отыр. Ол екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Ал бойжеткенді көлікке қарсылығына қарамастан күштеп отырғызып жатқанда қыз баланың көршісі келіп, арашалап қалған.

17 жастағы бойжеткен Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алады.

«ҚР талаптарына сәйкес адам ұрлауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қызды алып қашқысы келгенін айтты», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Соңғы жаңалықтар