Қытаймен шекаралас аудандардағы халықтың тығыздығы ел бойынша орташа деңгейден төмен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Қытаймен шекаралас аудандары олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен едәуір артта қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта 14 облыс Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан аумақтарымен шектеседі. Шекара маңындағы аумақтарда халық саны 3,4 млн адам болатын 65 аудан орналасқан. Тікелей шекара маңы белдеуінде мемлекеттік шекарадан 50 км дейінгі қашықтықта 1,7 млн адам тұратын 1 283 шекара маңы ауылдық елді мекен орналасқан.1 283 шекара маңындағы ауылдық елді мекеннің 213-і тіректі, 518 - спутниктік, 216 - стратегиялық және 336 өзге елді мекен. Бұдан басқа, шекара маңындағы аймақтарда 220,7 мың халқы бар

Қазақстанның шекаралас өңірлері, шекаралас мемлекеттердің аймақтарымен салыстырғанда дамуы әртүрлі деңгейде», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында.

Құжатта жазылғандай, еліміздің Қырғызстан және Өзбекстанмен шекаралас өңірлеріндегі даму көрсеткіштері көрші елдердің аймақтарымен бір деңгейде, кейібірі жоғары.

«Қазақстанның Ресей Федерациясының іргелес аймақтарымен шектесетін аймақтарында да бір деңгейде өмір сүру деңгейіне ие немесе халықтың кірісі мен әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштерінен төмен. Қазақстанның ҚХР-мен шекаралас аудандары олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен едәуір артта қалып отыр. Мұндай шекаралас аудандардағы демографиялық жағдай халық санының азаюымен, яғни табиғи өсудің теріс көрсеткіштерімен және көші-қон ағынымен сипатталады», - деп көрсетілген құжатта.

Тұжырымдама деректеріне сай, Қытаймен шекаралас аудандардағы халықтың тығыздығы ел бойынша орташа деңгейден төмен және бір шаршы шақырымға шаққанда орта есеппен 5,2 адамды құрайды. Ал жалпы ел бойынша бір шақырымға 7 адамнан келеді.

«Кейбір шалғайдағы шекаралық аудандарда бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 0,6 адамды құрайды. Қытаймен шекаралас аудандар аумағының депопуляциясының басты себептерінің бірі 1997 жылы жекелеген шекара маңы аудандарының (Нарынқол, Катонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай, Мақаншы) жойылуы және аудан орталықтарының ел аумағына ішкі, мемлекеттік шекарадан алыс көшуі болып табылады», - деп мәселенің себебі жазылған тұжырымдама жобасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы үш жылда ауылдарды дамытуға бюджеттен 326 млрд теңге бөлінді.


Соңғы жаңалықтар