+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2,3 мың жүк көлігі тұр

2020 жылғы 12 тамыз 18:45
Бөлісіңіз:
Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2,3 мың жүк көлігі тұр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кедендік және шекаралық бақылау бекетінде 58 шақырымдық көлік кептелісі қалыптасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткізу-бақылау бекетіндегі күрделі жағдайды шешу және мұндағы құқықтық тәртіпті реттеу үшін Панфилов ауданы әкімдігінде жедел штаб құрылды.

«Пандемияға байланысты Қытай Халық Республикасы өзге елдерден қабылдайтын көлік санын қысқартты. Соның салдарынан өткізу бекетінде жүк автокөліктерінің кептелісі орын алды. Бүгінгі таңда оның ұзындығы 58 шақырымды құрады, жалпы саны – 2 мың 366 жүк көлігі.

Аудан әкімі тез арада жедел штаб құрды. Штабқа кеден қызметі, шекара қызметі, полиция бөлімі, сондай-ақ жүргізушілер құрамынан белсенділер енгізілді. Бұл жерде аталған өткізу бекетіндегі проблемалар талқыланады және шешіледі.

Жедел штабтың күнделікті отырыстары барысында қалыптасқан жағдай тұрақталды. Аталған учаскеде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, жүргізушілермен заң талаптарын мүлтіксіз сақтау және ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде», - деді Алматы облысы Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандос Кавлиев.

Сонымен қатар, жедел штабтың белсенді жұмысы және жүк көліктерінің жүргізушілерімен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде өткізу бекетінен жедел өту үшін өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың заңсыз әрекеттері әшкере болған.

«Жүргізушілердің өздері жалпы кезекті «айналма жолмен» өтуді қалап, сұраныс тудырмағаны абзал. Қазірдің өзінде делдалдар қатарынан бірнеше адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтары «Нұр Жолы» бекетінің маңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады. Құқық бұзушыларға әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданды. Бұл жердегі жағдай тұрақтанды және бақылауда», - деді подполковник Кавлиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT