Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қытаймен сауда-саттық толыққанды әрі сапалы кедендік рәсімделуі тиіс – ҚР Премьер-Министрі

2022 жылғы 25 ақпан 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдан импорттың көрші елдерге айтарлықтай өскені байқалады. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сыртқы және өзара сауда-саттық статистикаларын теңестіру әрі сыртқы сауда ағындарының ашықтығы қажет екендігі жайында жиі айтамыз. Сұр импорт ішкі өндірушілерге, заңды импорттаушыларға айтарлықтай зиянын тигізеді, мемлекеттеріміздің бюджетіне теріс әсер етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Қытаймен шекарадағы кедендік бақылау іс-шараларын айтарлықтай күшейтті. Екі айға толмайтын уақыттың ішінде қабылданған іс-шаралар тауарлардың рәсімделуінің және кедендік төлемдердің артуына алып келді. Дегенмен, Қытайдан импорттың көрші елдерге айтарлықтай өскенін байқап отырмыз», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының атап өтуінше, одан кейін аталған импорт лайықты кедендік тазартусыз және салық төлемдерін төлеместен ЕАЭО-ның ортақ нарығына түседі.

«Бұл ретте «жалғыз кісі жау алмас» деген мақал орын алған жағдайды сипаттауға дәл келеді. Сыртқы сауда-саттықты, бірінші кезекте Қытаймен сауданы толыққанды әрі сапалы кедендік рәсімдеуге бірлесе күш салуымыз қажет. Барлық процестерді және мәліметтер алмасуды дереу цифрландыру керек. Бұл адал бәсекелестікті дамыту және салықтар мен кедендік баж салығы есебінен бюджетке түсімдерді арттыру үшін серпін береді. Мұндай жұмысты комиссияның белсенді үйлестіруімен жүргізу қажет. Келіссөздер алаңын құрғаннан іс бітпейді. Нақты қадамдар қабылдайтын және көптеген сағатқа созылатын жиналыстардан бас тартатын уақыт келді», - деді Қазақстан Премьер-Министрі.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар