Қытайлықтарға жер сатылмайды -Үкімет басшысы

None
None
А. Желтоқсанның  14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қытайлықтарға жер сатылмайды. Бұл туралы бүгін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өтіп жатқан республикалық кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, қоғамда резонанс туындап отыр. Яғни, біз қытайлықтарға жер бергіміз келіп жүр деген қауесеттер айтылуда. Қытайға ешкім  жер сатпайды. Біздің Конституцияда, барлық заңдарда бұл анық жазылған. Жер кодексінде де бұған тыйым салынған. Жер тек Қазақстан азаматтарына тиесілі», деді К. Мәсімов.

Аталған мәселе тұрғысында өнімді қалай пайдалану мен сату шаралары қарастырылып отырғанына тоқталған Премьер-Министр: «Егер бізде өсірілген рапсты немесе сояны әлеуетті сатып алушы ретінде Қытайдың өзі сатып алуға дайын болса, бұнда тұрған қандай айырмашылық бар? Бізге бұл өнімді өндіру керек. Егер өнімді сатып алушы болса бізге неге оны сатпасқа?», деді Премьер.

Соңғы жаңалықтар