Қытайлықтарға төртінші МӨЗ-дің құрылысына қатысу ұсынылды - В. Школьник

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытына Қытай инвестициясын тарту ұсынылды. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы бағытында министрлік тарапынан құрылыс мәселесі аясында тиісті қарастыру шаралары жалғасуда. Биылғы қаңтардың аяғында Астанада кезекті Қазақстан-Қытай үкіметаралық комиссиясының отырысында қытайлық тарапқа бұл инвестициялық жобаға қатысу ұсынысы жасалды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар