Қытайлық жанкүйерлер ағалы-інілі қазақ боксшыларды ағайынды Кличкоға теңеді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы 18 жасар қазақ боксшы Есболат Нәсиоллаұлы кәсіпқой бокстағы бірінші жартылай жеңіл салмақтағы (55.3 кг)  дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың Куньмин қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте, Есболат қытайлық Яң Хаиды 4 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз  шешімімен жеңді.
null 

Айта кетейік, Есболат Нәсиоллаұлы WBA және WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы, Қытайдағы ең танымал кәсіпқой боксшылардың бірі Бейсенбі Нәсиоллаұлының (14-2-1,6КО) інісі.

Қытайлық жанкүйерлер Бейсенбінің бокстасу мәнерін және келбетін қазақстандық Геннадий Головкинге ұқсатып, «OneG» деп атап кеткен. Сондай-ақ, қандасымыз ҚХР-ға ғана емес, қазақстандық бокс жанкүйерлеріне де жақын таныс.
null null 

Есболаттың алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін, қытайлық бокс жанкүйерлері қандастарымызды ағайынды Кличко сынды әлемге танымал болатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар