Қытайлық велосипедті ұрлау үшін ағашты құлатты (ВИДЕО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Хунань провинциясының Чанша қаласында полиция ағашқа байланған қымбат велосипедті ұрлау үшін оны ерінбей кесіп құлатқан ұрыны іздеуде. Қаскүнемнің әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

Жарияланған видеода ер адамның жанталасып ағашты  кесіп жатқаны анық түсіп қалған, алайда жолшыбай өтіп келе жатқан мотоциклшіден қорқып қалып, оның назарын өзіне аудармас үшін ағаш жанынан кетіп, өз мотоцикліне отырып кетпекші болған кейіп танытады. Күтпеген куәгер өтіп кеткен соң, ер адам ағашты құлатып, велосипедті мотоцикліне салып алып тайып тұрған, деп жазады rosbalt.ru.

 

Соңғы жаңалықтар