Қытайлық тыңдармандар Димашқа ерекше сыйлық ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері оған мыңдаған раушан гүлінен жасалған ерекше сыйлықты тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш өзінің instagram-дағы парақшасында «Бүгінгі гримеркама осыншама тосын сый жасаған Dears Сіздерге көп раxмет!!! Аэропорттан бастап көрсетілген ыстық ілтипаттарыңыз менің Чунцин қаласына деген естелігімді тек жақсы жағынан қалдыратыны анық! Мына жерде қаншама раушан гүлі бар екенін білмеймін... Бірақ, иісі бар бөлмені жұпарландырып тұр! Раxмет, Dears, жақсы көрем сендерді!!! Ертеңгі ән кешінде кездескенше!!!» деген жазбасын қалдырды.

Қытайлық жанкүйерлердің айтуы бойынша Димашқа тарту еткен гүлдердің нақты саны 1314 тал болған. Бұл сан қытай тілінде (一生一世) өмір бойы ғашықпын деген мағынаны білдіреді. 

 

Автор: Бейсен Сұлтанұлы

Соңғы жаңалықтар