Қытайлық компания Ауғанстанда мұнай өндіреді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауғанстан қытайлық компаниямен Амудария бассейнінен мұнай өндіру туралы келісімге қол қойды.

Бұл Ауғанстандағы билігін 2021 жылы тәлібтер («Талибан қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған») басып алғалы шетелдік инвсеторлармен жасалып отырған алғашқы келісім, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған келісім талаптары бойынша қытайлық компания Сари-Пуль, Джаузджан және Фарьяб сияқты солтүстік провинциялардағы 4 мың 500 шаршы км аумақта мұнай өндіреді.

Келісім шарты бойынша, қытайлық компания алғашқы жылы 150 АҚШ долларын инвестициялау керек. Ал үш жыл ішінде инвестиция көлемі 540 млн долларға жетпек.


Соңғы жаңалықтар