Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 328.31 EUR 386.62
RUB 5.27 CNY 51.49
Жаңалықтар

Қытайлық компания Ақмола экономикасына инвестиция салуға ниетті

2018 жылғы 18 мамыр 08:47 449
Бөлісіңіз:
Қытайлық компания Ақмола экономикасына инвестиция салуға ниетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қытайлық инвестор Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің Қытайдың ірі мемлекеттік инвестициялық корпорациясының өкілдерімен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да «Crown Batys» мал бордақылау кешені қалпына келтірілмек Қостанайда «Ақылды сүт фермасы» жобасы енгізілді

Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Қытай елінің астанасы Бейжіңде болып, жергілікті инвесторлар және өнеркәсіптік құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Бұл жолы сол кездесудің жалғасы ретінде қытайдың «CITIC» инвестициялық корпорациясының өкілдерінен құралған делегация Ақмола облысына келіп отыр.

Инвестиция тарту еліміздің сыртқы саясаттағы басты бағыттарының бірі. Осы ретте, еліміздегі астықтың 25 пайызын өндіретін Ақмола облысына Қытайдың ірі компаниялары қызығушылық танытып отыр.

Кездесуде аймақ басшысы мен қытайлық «CITIC» копорациясының өкілі Гэй Кайхуа өңірде мал шаруашылығы, егіншілік саласын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды. Қытайлықтар өңір экономикасына инвестиция салуға қызығушылықтары жоғары екенін атап өтті.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат