Қытайлық қазақ өзі жасаған қазақи әуе шарымен әлемді шарлағысы келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы өнертапқыш қандасымыз Еркінбек Мұхтарбекұлы ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астанаға өзі жасаған, қазақи үлгідегі әуе шармен ұшып келуді жоспарлап отырғанын бұған дейін де жазған болатынбыз. Белгілі себептермен қандасымыздың алғашқы жоспары жүзеге аспай қалған екен. Алайда Еркінбек Мұхтарұлы қазақи әуе шарын Астанаға арқалап келіпті. Ол алдағы уақытта арманын Ұлы даланың астанасында жүзеге асыруға ниетті. «ҚазАқпарат» тілшісі Қытайда тұратын өнертапқыш қандасымыз Еркінбек Мұхтарбекұлына жолығып, аз-кем сұхбат алған еді.

null

- Еркінбек Мұхтарбекұлы, әуелі өзіңіз туралы оқырманға таныстырып, айтып берсеңіз?

- Мен 1981 жылы Шынжаң өлкесіне қарасты Буратала облысында дүниеге келдім. Ата-анам қарапайым оқытушы. Негізгі мамандығым - құрылыс жобалау саласы. Университетте жүргенде жобалау байқауларында жүлдегер атанып жүрдім.  Оқу бітіргесін Үрімжідегі жобалау орталығында жұмыс жасадым. Менің қиялымнан туған  біраз құрылыстар, ғимараттар бүгінде пайдалануға берілген. Сонымен қатар, қазіргі таңда ұлттық стильде, яғни қазақи үлгідегі көптеген құрылыс жобаларым бар. Алла бұйырып елге оралып жатсам осы салада біраз жұмыстар атқарғым келеді. 

3     

- Бұл жайында да естігенбіз. Ал қазақи үлгідегі әуешарды жобалау идеясы қалай туды?

- Жалпы әуе шарға мініп аспанға көтерілу бала күнгі арманым еді. Бұған дейін де көптеген әуеге көтерілетін шарлардың үлгісін жобалап, санамда пысырып жүретінмін. Қазақстан Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізетіндігін естігеннен кейін, бірден бұл жобаға нақтап кірістім. Қазақ елінде өтетін үлкен шараға азда болса тартуым болсын дедім. Жобаны жасауға негізгі қаржы өз қалтамнан және демеуші ағаларымның көмегінен болды.

4 

- Әуе шарының негізгі құрылысын таныстырып берсеңіз?

- Бұл шарға ұлтымыздың болмысын, бояуын сіңіруге тырыстым. Шардың негізгі бейнесі қазақтың оюлы бас киіміне ұқсатып жобаланған. Қазақ -ежелден бас киімді және тұлпарды қадірлеген халық. Ол үлкен биіктікке көтерілгенде біздің бас киімді жердегі бүкіл халық кигендей болады. Бұл - береке-бірліктің көрінісі. Шардың астында тұлпардың мүсіні бейнеленіп, адам отыратын орын жасалған Аспан кеңістігіне көтерілгенде, тұлпарға мініп, қазақтың қас батыры ұшып келе жатқандай әсер қалдырады.

5 

- Жақсы екен. Басында Қытайдың Шанхай қаласынан ұшып, Астанаға жетуді жоспарлаған едіңіз. Бұл бағытыңыз неге іске аспай қалды?

- Иә, алғашқы жоспарым Қытайдың Шанхай қаласынан шығып, Жібек жолы бойымен жүріп өтіп, Астана қаласына ат басын тіреу еді. Сол арқылы жолдағы әр түрлі қалаларда қазақ болмысын көрсетіп, Қазақстанда өтетін үлкен шараға туристер шақырғым келген болатын. Алайда қаржы мәселесі және басқа да рұхсатнама құжаттарының толық болмауы себебінен бұл бағытпен жүруге кешігіп қалдым. Әйткенімен, бүгінгі арманым одан да асқақ болып тұр. Алла бұйырса, алғашқы ұшырылымды Астанадан бастап, ұлттық үлгідегі шарды елге келген қонақтардың көзайымына айналдырсам деймін. Әрі қарай мүмкіндік болса «ЭКСПО-2017» көрмесіне қолдау білдірген негізгі елдердің Астанасына барып ұшырып, Сол арқылы «ЭКСПО-2017» көрмесін әлемдік деңгейде насихаттағым келді.

6 

- Ал Астана аспанында қалықтаған қазақи әуе шарыңызды қашан көре аламыз?

- Мен де Астана аспанында қалықтауға ерекше асығып отырмын. Осында келгеніміе бірнеше күн болды. Жабдықтарымды арнайы тасымалдау компаниялары арқылы жеткізгенмін. Соны күтіп алып, аздап өңдеу жұмыстарын жасап дайындап қойдым. Жүйрік қиялым арқылы елорда үстінде сан мәрте ұшып та үлгердім. Енді кіммен жолығып, қай жерден рұхсат алу жолдарын білмей жатырмын. Осы бағытта нақты жолын білетін кісілер болса көмектессе екен деймін. 

null  

- Сұхбатыңызға  рахмет! Арманыңыз тезірек жүзеге асуына тілекшіміз.

Соңғы жаңалықтар