Қытайлық қазақ боксшысы чемпиондық титулды жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң өңірінде туып-өскен ұлты қазақ кәсіпқой боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (10-3-1,4 КО) кезекті жекпе-жегінде чемпиондық белдікті жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық sohu.com спорт порталының хабарлауынша, ең жеңіл салмақта (50.8 кг) жұдырықтасатын Ұлан Төлеғазыұлы Шанхай қаласындағы бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапондық боксшы Риота Ямаучимен (4-0-0, 4КО) WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион титулын (WBA International Flyweight Title) сарапқа салды.

12 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте, қандасымыз қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенімен, 6 раундта өзі де бір рет нокдаун алып қалды. Алайда, екі боксшы да жеңіс үшін аянбай жұдырықтасып, қорытындысында басымдық танытқан қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Есеп 115/112,117/109,117/109.

Осылайша Ұлан Төлеғазыұлы ең жеңіл салмақта үш бірдей бокс ұйымының чемпиондық титулдарын иеленді. Бұған дейін ол WBC тұжырымы күміс белдігі (WBC Silver Flyweight Title) және WBO тұжырымы Азия-Тынық мұхит чемпионы (WBO Asia Pacific Flyweight Title) белдіктерін жеңіп алған болатын.
null

Соңғы жаңалықтар