+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қытайлық қандасымыз 114 күн бойы тамақ ішпей 5 мың шақырым жаяу жүрді

2019 жылғы 28 тамыз 18:05
Бөлісіңіз:
Қытайлық қандасымыз 114 күн бойы тамақ ішпей 5 мың шақырым жаяу жүрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шынжаңның Тарбағатай аймағынан 5 мың шақырым шалғайда жатқан Шанхай қаласына жаяу аттанған қандасымыз Серік Зейнелұлы бүгін мәреге жетті. Ол осы аралықты тамақ ішпей, тек сумен ғана нәр алып жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр Шетелдегі қазақтарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды Париждегі «Қорқыт ата» мәдени орталығы қандастарға қазақ тілін оқытып жатыр


8 мамыр күні жолға шыққан Серік Зейнелұлы бұл алыс сапар барысын аузына бір түйір де нан салмай, тек су ішіп қана жүріп өтуді мақсат еткен. Айта кетерлігі, марафоншының тамақ ішпегенін дәлелдеу үшін бойына арнайы аппарат тағылып, камера орнатылған. Денсаулығын қадағалап отыру үшін інісі арнайы команда жасақтаған.


Ол алғашқы 29 күнде 1019 километр жол басып, Әлемдік рекорд сертификат агенттігінің (World Record Certification Agency) «тамақ ішпей ең ұзақ жаяу жүрген спортшы» деген сертификатын еншіледі (Farthest distance walked while fasting). Мұнымен тоқтамаған Серік Зейнелұлы тамақ ішпестен тағы 4 мыңға жуық шақырымды артқа тастап, бүгін Шанхай қаласына ат басын тіреді.

3 айдан астам асқазанына дәм салмаған қандасымыз бүгіннен бастап тамақтануды бастайды деп отыр. Бұл туралы ол «Tiк-Tok» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде мәлім етті.


«Мені қолдап қуаттаған барлықтарыңызға көп рахмет! Қазір менің денсаулығым ерекше жақсы. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» дейді. Мен аттанғаннан бері әлеуметтік желілерде қаншама ата-апаларымыз, тіпті кішкентай балалар тілеуімді тілеп, батасын беріп жатты. Алғаш сапарға аттанарда жергілікті мемлекеттік органдарға жоспарымызды айттық. Алайда олар тамақ ішпей бұлай ұзақ жүру адам өміріне ерекше қауіпті екенін айтып, бізді қолдамаған еді. Әйтсе де, біз өз командамызды жасақтап, жолға аттанып кеттік. Басты мақсатым - адам баласының ерекше мүмкіндігін дәлелдеу, қатаң талап қойып, өзін жеңе білген адамның алмайтын биігі жоқ екенін бүкіл әлемге паш ету», - дейді спортшы.


Серік Зейнелұлы 1980 жылы Шыңжаңның Іле-Қазақ автономиялы облысының тумасы. Жас кезінде спортпен айналысқан. Қазір жеке кәсіпкер.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Қандастар, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT