Қытайлық ғарыш аппараты Ай орбитасын тестілеу жұмысын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың ұшқышсыз басқарылатын ғарыш аппараты Ай маңы орбитасын тестілеу жұмысын аяқтады.

Аппараттың Жердің табиғи серігінің айналасындағы сынағы түрлі жылдамдық, биіктік және орбитаның конфигурациясына қатысты үш кезеңнен тұрды. Тестілеудің мақсаты 2017 жылы Қытайдың "Чанъэ-5" ай модулін табысты ұшыруға қажетті технологияларды дайындау болды.

Қытайдың Айды зерттеу бойынша бағдарламасы үш кезеңге бөлінген. Біріншісінің барысында "Чанъэ-1" (2007 жыл) және "Чанъэ-2" (2010 жыл) зондтары іске қосылды. Нәтижесінде Жер серігі қабатының үш өлшемді картасы жасалған, келесі аппараттарды қондыру шамаланған аудандар анықталды. 2013 жылы өткен екінші кезеңде Айдың бетіне «Юйту» өздігінен жүретін аппаратты жеткізген "Чанъэ-3" іске қосылған. Соңғы кезеңнің қорытындысы Жерге ай жыныстарының үлгілерін жеткізу болуы керек.

Соңғы жаңалықтар