Қытайлық ғалымдар ең қуатты тұрақты магнит өрісін құруға дайын

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Хуачжун ғылыми-техникалық университетінің инженерлері осы аптада Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) зерттеу үшін ауыр магнит жасай бастады. Жобаланған қондырғы 110 тесла күшімен қысқа магнит өрісін шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі SCMP-қа сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, ауыр магниттік қондырғының құрылысы бес жылға созылады және 2 миллиард юаньнан астам қаржыны талап етеді (шамамен 276 миллион доллар).

Басылымның жазуынша, әлеуетті пайдаланушылар жобаланған магнитпен эксперименттер жүргізу үшін кезекке тұра бастаған. Оларға жаңа асқын өткізгіштер мен жартылай өткізгіштерді жасап шығаратын ғалымдар, сондай-ақ 6G байланыс технологиясының келесі буынымен айналысатын зерттеушілер кіреді.

Бұған дейін хабарланғандай, Хэфэйдегі (Аньхой провинциясы) Қытай ғылым академиясының техникалық магниті тамыз айында 45,22 тесла болатын магнит өрісін тудырды.

2018 жылы жапондық зерттеу тобы 1200 тесла күшімен рекордтық магнит өрісін жасаған, бірақ тек 40 микросекунд ішінде. Эксперимент нәтижесінде магниттік қондырғының бір бөлігі жарылды.




Фото: sun9-11.userapi.com





Соңғы жаңалықтар