Қытайлық дипломаттар ХХ ғасырдың ортасында Ы.Алтынсариннің шығармашылығын зерттеген (ФОТО)

None
None
СИАНЬ. ҚазАқпарат - ҚХР Шэньси провинциясында тұратын ірі кәсіпкер Чжан Фанның үйіндегі жеке кітапханасынан қазақ халқының белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары бар кітап табылды.

Оны 1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының баспасы шығарған.

«Бұл кітап маған мұрагерлік жолмен Сиань шетел тілдері институтында орыс тілін оқыған әкем - Чжан Фэннен қалған. Қараңыз, мұнда оның жеке мөрі басылған. Өзім орыс тілінде сөйлемегендіктен, осы уақытқа дейін бұл қазақ ойшылының шығармалар жинағы екенін білмедім», - деп түсіндірді ол ҚазАқпарат тілшісіне.

Кітап парақтарында қытай және орыс тіліндегі көптеген жазба белгілер бар - оның алғашқы иесі Ы.Алтынсариннің шығармаларын жете зерттегені көрініп тұр.

Әңгімелесушінің айтуынша, оның дипломат болған әкесі Чжан Фэн орыс, жапон және ағылшын тілдерін меңгерген. Қытайдағы «Мәдени төңкеріс» жылдарында (1966-1976 жж.) «интеллигент» атағына ие болған ол Сиань мектептерінің бірінде ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағының қазіргі иесінің атасы Чжан Яань бай кәсіпкердің баласы болған. Жапонияда білім алған. Оқудан оралған соң Қытай компартиясының қатарына кіріп, жергілікті астыртын жұмыс істеушілерге көп көмектескен. Олардың арасында ҚХР-дің қазіргі төрағасы Си Цзиньпиннің әкесі - Си Чжунсюнь де болған.

Соңғы жаңалықтар