+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қытайға жойқын дауыл таяп қалды: 1,6 млн-нан астам адам эвакуацияланды

2021 жылғы 26 шілде 23:07
Бөлісіңіз:
Қытайға жойқын дауыл таяп қалды: 1,6 млн-нан астам адам эвакуацияланды

ШАНХАЙ.ҚазАқпарат - Қытай билігі Иньфа тропикалық дауылына байланысты шығыс Чжэцзян провинциясында 1,6 миллионнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Global Times басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-қа сұрапыл дауыл жақындап қалды, Луизианада төтенше жағдай жарияланды Қытай ұлттық ойындары өтетін Сиань қаласында карантин күшейтілді Қытайда теміржол желісін құрастырып жатқан 4 адам мерт болып, 14-і жарақаттанды

Дауылдың жақындауына байланысты ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті дүйсенбіде теміржол көлігі мен метрополитен жұмысын тоқтатуға кеңес берді. Сондай-ақ жергілікті билік органдарына төтенше жағдайларды жоюдың бірінші деңгейін енгізу ұсынылды.

Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 09: 50-де Иньфа дауылы Чжэцзян провинциясының жағалауына жетті. Желдің максималды күші 10 балл. Метеорологтардың айтуынша, жойқын дауыл Қытайдың шығысындағы Шанхай, Чжэцзян, Цзянсу және басқа аудандарға зиян келтіруі мүмкін.

Сарапшылар аймақта жауын-шашын 29 шілдеге дейін жалғасады деп болжап отыр. Теңіз жағалауындағы Чжэцзян мен Шанхайдағы туризм нысандардың жұмысы тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT