+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады – ҚР АШМ

2020 жылғы 7 тамыз 12:33
Бөлісіңіз:
Қытайға тағы 78 қазақстандық кәсіпорын зығыр тұқымын экспорттай алады – ҚР АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кепілдікпен тағы 78 зығыр тұқымын және 8 бидай ұнын өндірушілерді Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізуге қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар құс тұмауына алаңдаушылық танытты Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды Павлодар облысында картоп бағасының маусымдық өсуіне жол бермеу әдісі табылды

Осылайша, қазіргі уақытта 103 зығыр тұқымын өндіруші (оның 78-і ҚР АШМ кепілдігімен) және бидай ұнын өндіретін 94 компанияның (64-і ҚР АШМ кепілдігімен) өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқығы бар.

«Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы барысында бидай ұнының экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға, ал Мемлекет басшысының Бейжіңге сапары аясында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын зығыр тұқымына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылған болатын. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін қытай тарапы экспорт құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне бидай ұны мен зығыр тұқымын өндіретін 55 компанияны енгізді. Хаттамалар қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өнімді жеңілдетілген тәртіппен экспорттау құқығын береді»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар онда соңғы жылдары Қазақстан фермерлері арасында зығыр егу кеңінен тарап келе жатқандығы айтылған.

«Бұл дақыл өндірісте аса қымбат емес әрі күй талғамайды. Сондықтан республикада өндіріс көлемі де, зығыр егумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің де саны артуда. Алайда, бұл дақылды қарқынды егу салдарынан өңделген топырақтың тез сарқылу қаупі бар. Бірнеше жыл ішінде Қазақстан зығыр тұқымы мен зығыр майының ірі экспорттаушысына айналды - жыл сайын барлық дақылдар сатып алынып, Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріне экспортталады. Қазақстандық зығырдың ірі импорттаушыларының бірі – ҚХР»,-деп жазады баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT