+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қытайға бармақ болған жолаушыларға билет құны қалай қайтарылады

2020 жылғы 29 қаңтар 19:05
Бөлісіңіз:
Қытайға бармақ болған жолаушыларға билет құны қалай қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Қытайға баратын пойыз, автобус пен ұшақтардың уақытша тоқтағаны белгілі. Осы ретте ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымов жолаушыларға билет құны қалай қайтарылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Круиз лайнеріндегі 2 қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ - Елжан Біртанов Қазақстан Қытайдан келетін барлық азаматтар үшін карантин тәртібін енгізді Дәріханалардағы жағдайды бақылап отырмыз – Біртанов медициналық маска жайлы

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Ғылымовтың айтуынша, пойыз бен автобусқа алынған билеттердің құны толығымен иесіне қайтарылады.

«Нұр-Сұлтан-Үрімжі мен Алматы-Үрімжі бағытындағы пойыздар Ақтоғай стансасында бір пойыз болып бірігіп, ары қарай Үрімжіге бағыт алатын. Ол жаққа билет алғандардың көбі Достық стансасынан түсіп қалады. Анықтағанымыздай, Достықтан ары қарай Үрімжіге дейін 22 билет алынған екен. Осы 22 адамның ішінде 8-і билетті қайтарған. Қалған 14 адамға операторлар хабарласып, пойыздың жүрмейтінін, билет құнын алып кетуі керектігін айтып жатыр», - деді Самат Ғылымов.

Ал Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың айтуынша, әуе билеттерінің де толық құны иелеріне қайтарылады. 3 ақпаннан бастап аталған рейстерге билет алғандар оны сатып алған жерлеріне қайтара алады. Билеттер үшін ақша айыппұлсыз рәсімделіп, толық көлемде қайтарылады. Қалып қойған жолаушыларды елге қайтару үшін Бейжің және Үрімжі қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастырылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Самат Ғылымов Қазақстаннан Қытайға баратын барлық автобус пен пойыз уақытша тоқтатылғанын, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев 3 ақпаннан бастап Қытай Халық Республикасымен тұрақты әуе қатынасы уақытша тоқтайтынын хабарлаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT