Қытайға бағалы тас алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Шекара қызметінің «Қорғас» шекаралық бақылау жасағы контрабандалық әрекетті әшкереледі. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Тінту барысында 42 жасар азаматтан 2 келі «нефрит» деп аталатын бағалы тас табылды. Азамат кедендік декларацияда аталған жүкті көрсетпеген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар