Қытайдың Жібек жолы қоры «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтаспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев Жібек жолы қорының президенті Ван Янцзы бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады, деп хабарлайды «Бәйтерек» ҰБХ-нің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда Қытай тарапы ауыл тұрғындарының сапалы интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жобаны бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

«Біз Қазақстанның ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланысты жеткізу желілерін жүргізу бойынша «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастықта жұмыс істеуден үміттіміз»,-деп хабарлады Жібек жолы қорының президенті Ван Янцзы.

Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының басшысы Ерболат Досаев холдингте бұған қажетті барлық құралдар мен қаржылық және техникалық қолдауға ие екендігін жеткізді.

«Біз Жібек жолы қорымен ынтымақтастықты дамытып, әртараптандыруға дайынбыз»,-деді Ерболат Досаев. Бұл ретте ол өңірлік ықпалдастық тиімділігі бар жобаларға бірлесіп қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Досаев сонымен қатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда холдингтің өзінің еншілес компаниялары арқылы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. Әңгіме жобалық құжаттарды дайындау мен қарыздық, үлестік және экспорттық қаржыландыруға дейін жобаларды құрылымдау бойынша кең ауқымды қызмет көрсетуге қатысты болып отыр. Қазіргі таңда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қытайдың жетекші қаржылық ұйымдарымен және банктерімен белсенді ынтымақтастықта қызмет етуде.

Атап айтқанда, Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен, Қытайдың импорттық-экспорттық банкімен, «Sinosure» агенттігімен, CITIC және өзгелермен ынтымақтастық орнатқан. Жібек жолы қоры - «Жаңа Жібек жолы» қытайлық бастамасының аясында инфрақұрылымдық нысандарға ірі қаржы салумен айналысатын қытайлық инвестициялық қор.

Соңғы жаңалықтар