+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қытайдың тұтыну тауарларының ЭКСПО көрмесінде мыңнан астам бренд ұсынылады

2021 жылғы 5 мамыр 09:59
Бөлісіңіз:
Қытайдың тұтыну тауарларының ЭКСПО көрмесінде мыңнан астам бренд ұсынылады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 7-10 мамыр аралығында Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Хайкоу қаласында тұтыну тауарларының қытайлық алғашқы халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдың оңтүстік-батысында тікұшақ көлге құлады Қабул мектебіндегі жарылыстар: қаза тапқандар саны 85-ке жетті Жаңа Зеландияда супермаркеттегі шабуылдан бес адам зардап шекті

Әлемнің 69-дан астам елі мен өңірлерінен 1200-ге жуық әлемдік бренд I Қытай халықаралық тұтыну тауарлары ЭКСПО көрмесінде ұсынылады.

ЭКСПО көрме алаңы 80 мың шаршы метрді құрайды, оның 60 мың шаршы метр алаңы шетелдік брендтерді зергерлік бұйымдарды, азық-түлік өнімдерін, сәнді тауарлар мен қызметтерді (қонақ үй бизнесі, кешенді қызметтер) көрсетуге бөлінген.

Көрме алаңының қалған бөлігі ҚХР-ның барлық аймақтарының өнімдеріне арналған.

ЭКСПО аясында туристік кластерге арналған тұтынушылық инновациялар, бажсыз сатып алулар және бөлшек сауда индустриясы бойынша форумдар өтеді.

2000 жылдан 2019 жылға дейін Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ он есе өсіп, 10 мың АҚШ долларынан асты.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайда тұтыну тауарларының бөлшек саудасы жылдық есеппен 33,9% -ға артып, 10,5 трлн юаньға (шамамен 1,6 трлн АҚШ доллары) жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT