Қытайдың тағы бір өңірінде коронавирустың ошағы анықталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың үшінші өңірінде коронавирустың жаңа ошақтары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісі.

Қытайдың солтүстігіндегі теңіз жағалауында орналасқан Ляонин провинциясындағы Далянь қаласында коронавирустың 16 жағдайы анықталды, оның 12-сінде ауырудың клиникалық белгілері жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, коронавирус ошағы теңіз өнімдерін өңдейтін кәсіпорын қызметкерлерінен шыққан. Қазір кәсіпорын жұмыс істемей тұр. Қазірдің өзінде кәсіпорынға жақын маңда тұратын 190 мың адам вирусқа қарсы тестен өткен.

Айта кетсек, Ляонин провинциясы коронавирустың жаңа ошағы тіркелген Бейжің мен Шыңжаннан кейінгі Қытайдағы үшінші өңір.


Соңғы жаңалықтар