+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қытайдың солтүстік-шығысында коронавирус қайта тарап жатыр

2020 жылғы 12 мамыр 09:46
Бөлісіңіз:
Қытайдың солтүстік-шығысында коронавирус қайта тарап жатыр

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда бірде-бір коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелмегеніне қарамастан, Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шулань қаласында жағдай мәз емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде бета мен дельта штамдарының мутациялары бар КВИ-дің жаңа түрі табылды Мельбурн маңында 5,9 балдық жер сілкінісі болды Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды

Шуланьда (Цзилин провинциясы, солтүстік-шығыс Қытай) 16 адам коронавирус жұқтырған (11 мамыр).

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл індеттің қауіптілігі Шулань қаласында кластерлік инфекцияның көзі әлі анықталмауында.

Бүгінгі таңда Шулань эпидемиологиялық қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланған ҚХР-дағы жалғыз қала деңгейіне айналды. Қалаға карантин енгізіліп, оның тұрғындары коронавирустың өршуіне байланысты толық оқшаулануға қайта оралды.

«Жалпы алғанда өткен тәулікте (2020 жылдың 11 мамырдағы сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) құрлықтық Қытайда бірде-бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Індеттен қайтыс болу оқиғасы да жоқ», - деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссия.

Ауру жұқтырудың жаңа оқиғалары сырттан әкелінген. Коронавирустың 15 симптомсыз жағдайы анықталған.

Эпидемия басталғалы құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны 82 919 адам. 78 171 адам қауіпті вирустан емделіп, ауруханадан шығарылған. 4633 адам коронавирустан қайтыс болған.

Ел ауруханасында 115 адам коронавирустан ем қабылдауда. 10 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT