Қытайдың солтүстік-батысында 5,8 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Жексенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Дэлинха қаласының жанында 5,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қытай сейсмология орталығына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясы Дэлинха қаласының жанындағы Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық ауданында тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы 8 км тереңдікте жатыр. Дэлинха қаласында 90 мыңға жуық адам тұрады.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цинхай провинциясы - Цинхай-Тибет тауларының солтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен жоғары биіктікте орналасқан, сейсмикалық қауіпті аймақ.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні түстен кейін Бейжіңде 2,0 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері мегаполистің солтүстік-батысындағы Чанпин ауданында тіркелді. Ошағы 15 км тереңдікте орналасқан.

Қытай астанасының осы аймағында 2,26 миллионнан астам тұрғын тұрады.


Соңғы жаңалықтар