Қытайдың солтүстігінде шахтадан алтын іздеген 6 адам қаза тапты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай солтүстігінің Шансь провинциясында қараусыз қалған алтын шахтасына заңсыз түскен алты адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полицияның мәлімдемесіне сілтеме жасаған қытайлық БАҚ хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен дүйсенбіде Шансь провинциясы Цзянсянь уезінің билігі алты алтын іздеуші із-түссіз жоғалғанын жариялады.

Іздеу-құтқару операциясының барысында Цзянсяньжағы Цэюй тауының маңындағы үңгірдегі 2700 метр тереңдіктен алты адамның денесі табылды.

Қаза болғандардың барлығы Шаньсиге көршілес жатқан Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) тұрғындары. Аталған іс бойынша тергеу амалдары басталып кетті.

Еске сала кетсек, 2021 жыл маусымында Хэнань провинциясындағы Саньмэнься маңындағы алтын өндіретін шахтада төрт адам қаза тапқан.

Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, соңғы жылдары Қытайда бағалы металл бағасының өсуіне байланысты жергілікті тұрғындар қараусыз қалған шахталардан алтын шығаруға тартылып отыр.

Хэнань провинциясына қарасты Саньмэнсяға жақын Даху кентінің шахтасынан екі апта бойы алтын шығару бір миллион юань (шамамен 187 мың доллар) көлемінде заңсыз табыс әкеле алады.


Автор: Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар