Қытайдың солтүстігінде электр стансасында өрт шығып, 8 адам мерт болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік-шығысында Шаньси провинциясында электр стансасы аумағында өрт шығып, 8 адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CCTV мәліметінше, өрт жергілікті уақытпен 6 желтоқсан түнгі сағат 01:36-да Шаньси провинциясы (Солтүстік-шығыс Қытай) Шоуян уезінде электр стансасы аумағындағы адам тұратын жерден шыққан. Өрт жергілікті уақытпен сағат 04:20-да ауыздықталды.

Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты.

Қазір өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр.


Авторы Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар