+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қытайдың СІМ басшысы ҚР Президентінің биологиялық қауіпсіздік бойынша бастамасын қолдады

2021 жылғы 13 маусым 08:20
Бөлісіңіз:
Қытайдың СІМ басшысы ҚР Президентінің биологиялық қауіпсіздік бойынша бастамасын қолдады

ЖЕНЕВА-БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына Қарусыздану жөніндегі конференция аясында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Әділет министрі АҚШ-та бірқатар маңызды кездесулер өткізді

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, іс-шарада бейнебайланыс арқылы мәлімдеме жасаған Қытайдың СІМ басшысы қарусыздану және таратпау саласындағы мәселелерге қатысты Бейжіңнің ұстанымымен таныстырды.

«Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияны орындауға байланысты Ван И БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық агенттік құру туралы Қазақстан Президентінің ұсынысына жоғары баға берді.

Пікір алмасу барысында Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова қытай тарапына қазақстандық бастамаға қолдау білдіргені үшін ризашылық білдіріп, бүгінгі жағдайда оның ерекше өзекті екенін атап өтті.

Оның айтуынша, аталған бастамаға қатысты тұжырымдамалық хат мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары арасында таратылғанын хабарлап, оны мүдделі делегациялармен егжей-тегжейлі талқылауға дайын екендігін атап өтті», - делінген сыртқысаясат ведомствосының мәліметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT