Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде коронавирус ошағы анықталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) коронавирус ошағы анықталды. Соңғы 24 сағатта бұл аймақта COVID-19 инфекциясының белгілері болмаған тоғыз науқас тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте ШҰАӨ-де коронавирустың белгілері болмаған тоғыз науқас анықталды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, COVID-19 вирусын тасымалдаушы тоғыз адамның жетеуі Инин қаласында тіркелген.

Індеттің алдын алу және бақылау жөніндегі жергілікті штабтың мәліметі бойынша, Инин қаласынан кететін жолаушылар ұшуға дейін 24 сағат ішінде коронавирусқа ПТР сынамасынан өтуі тиіс. Бұған дейін Үрімжі қаласында вирус жұқтыру белгілері болмаған бір тасымалдаушы анықталған.

Жалпы, ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет мәліметінше, соңғы тәулікте материктік Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 400-ге жуық жағдайы анықталды.


Соңғы жаңалықтар