16:51, 23 Қараша 2021 | GMT +6
Қытайдың шығысында жатақхана опырылып, 4 адам мерт болды
НАНЬЧАНЬ.Синьхуа – ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Цзянси провинциясында дүйсенбі күні кешкілік қызметкерлерге арналған жатақхананың бір бөлігі опырылып, салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуаға сілтеме жасап.
Төтенше жағдай дүйсенбі күні сағат 18:45 шамасында жаңа Ганьцзян ауданында болған. Жалпы 430 шаршы метр аумақты қамтыған.
Оқиған мән-жайы анықталып жатыр.