Қытайдың шығысында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті
2022 жылғы 27 маусым 08:41

Қытайдың шығысында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Цзянси провинциясында табиғат тосын мінез танытып, нөсер жаңбыр жауған. Бұл 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысын бұзды. 150 мың гектар егістік су астында қалды. Экономикалық шығын 6,79 млрд юаньнен ($1,01 млрд) асып жығылған.

Қызыл су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған.
Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT