Қытайдың шығысында ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, 11 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеп жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, апат түнгі сағат 1:00 шамасында Цзянсу провинциясындағы (Шығыс Қытай) Шэньян - Хайкоу тасжолында болған.

Жүк көлігі қоршауларды бұзып өтіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Соның салдарынан автобус аударылып қалды. Артынша екі жүк көлігі соқтығысты.

Оқиға салдарынан 11 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.

Апат кезінде жүк көлігі тиелмеген.

Жол-көлік оқиғасының себебін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде


Соңғы жаңалықтар