Қытайдың Санья курорттық қаласы COVID-19 індетінің жаңа толқынымен күресіп жатыр

Фото: None
САНЬЯ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Хайнань аралындағы (Оңтүстік Қытай) Санья қаласы COVID-19 індетінің жаңа толқынымен күресіп жатыр. Эпидемияға қарсы күреске дәрігерлер, індеттің алдын алу және бақылау қызметкерлері мен 4000-нан астам ерікті қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Хайнань провинциясының Денсаулық сақтау комитеті бүгін хабарлағанындай, 1-7 тамыз аралығында Санья қаласында COVID-19 инфекциясын жергілікті жұқтырудың 801 жағдайы және жергілікті жұқтырған 409 асимптоматикалық коронавирус тасымалдаушылары тіркелді.

Қалада қалған 80 мыңнан астам туристің жол ақысын өтеуді қоса алғанда, басқа да тап болған қиындықтарын шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, қала әкімшілігі қонақүйлерде оларға 50 пайыздық жеңілдік жасалуын тапсырды.

Санья қаласы әкімшілігінің жауапты хатшысы Цзи Дуаньжунның айтуынша, 6 900-ден астам бөлмесі бар 33 қонақ үй науқастармен тығыз немесе қайталама байланыста болған адамдар үшін карантинді өткізу орны ретінде анықталған.


Фото: thehimalayantimes.com
Соңғы жаңалықтар