Қытайдың сән салонында 18 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан сән салонында болған өрттің салдарынан 18 адам мерт болды, деп хабарлайды www.utro.ru Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт жексенбі күні сағат 16-00-де орын алған. Кемінде 18 адам құрбан болған, тағы екі адам зардап шеккендердің қатарында.

Әлеуметтік желілерге оқиға орнынан түсіріліп, салынған суреттерде қою түтін мен өрттің жалыны айқын көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар өрттен қашып, ғимараттың терезелерінен секірген.

Соңғы жаңалықтар