Қытайдың орталық телеарнасы Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегін таратты

None
None
Астана. ҚазАқпарат - Қытайдың орталық телеарнасы кеше 30 қазан күні сағат 13:00-де Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегінің толық нұсқасын таратты.

Бұл туралы Қытай орталық телеарнасының ресми сайтында жазылған.

Онда Алматыда өткен үлкен бокс кеші туралы айтылып, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы кездесуде жеңіске жеткен Қанат Ислам супер орта салмақта (69 кг ред) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алғандығы жазылған.

Сонымен бірге екі боксшы арасындағы жекпе-жектің толық нұсқасы берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық 7 былғары қолғап шебері қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын

null null null  

Соңғы жаңалықтар