Қытайдың оңтүстік-батысындағы жер сілкінісінен 20 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында магнитудасы 5,5 болған жер сілкінісінің салдарынан 20 адам зардап шекті. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық Қытай телеарнасынан хабарлады.

Зардап шеккен адамдардың барлығы ауруханаға жеткізілді, олардың көбінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жексенбі күні болған жер сілкінісінің ошағы Мьянмамен шекарадағы Линьцан қалалық округінің Цанъюань-Васк автономиялық уезінде орналасқан. Билік көздері табиғи апаттан зардап шеккен аудан тұрғындары үшін мыңдаған шатырлар мен екі мың жылы көрпелер жіберді, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар