+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қытайдың оңтүстік-батысында «дельта» штамының таралуына байланысты локдаун енгізілді

2021 жылғы 9 шілде 09:56
Бөлісіңіз:
Қытайдың оңтүстік-батысында «дельта» штамының таралуына байланысты локдаун енгізілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай-Мьянма шекарасына жақын орналасқан Жуйли қаласының билігі коронавирустың «дельта» штамы таралуына байланысты локдаун жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Алматыда залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде Жоғары оқу орындарында карантин талаптары қалай сақталған Алматыда бір айдың ішінде карантин талаптарын бұзған 4 002 нысан анықталған

Жуйли қаласының (Юньнань провинциясы, Оңтүстік-Батыс Қытай) әкімшілігі осы аптада қалаға кіріп-шығатын барлық жолды жауып, үйде оқшаулану режимін енгізді.

Қатаң карантин шаралары енгізілді, коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, мектептер мен техникумдар жабылды. Супермаркеттер мен дәріханалардың жұмысы тоқтатылды. Жергілікті тұрғындарға үйде оқшаулануға шешім қабылданды, азық-түліктер үйге жеткізілетін болады.

Жуйли қаласында және оның маңындағы елдімекендерде коронавирус жұқтыру жағдайларының көпшілігі «сырттан әкелінген». Жуйлиде Мьянмамен трансшекаралық сауда жүргізіледі. Осыған байланысты билік шекаралық бақылау шараларын күшейтті.

Мьянмамен шекаралас Қытайдың Жуйли қаласында коронавирустың өршуі осымен төртінші рет болып отыр, соңғысы осы жылдың наурыз айында болған еді. Үшінші рет Жуйли қаласында коронавирустың таралуына байланысты толық локдаун енгізілді.

Жұма күні Қытайдың Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте материктік Қытайда коронавирусты жергілікті жұқтырудың 8 жаңа жағдайы анықталды, барлығы Юньнань провинциясынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT