Қытайдың оңтүстігінде метилформиаттың ағып кетуінен сегіз адам көз жұмды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Гуйян қаласында (Гуйчжоу провинциясының әкімшілік орталығы, Оңтүстік Қытай) метилформиаттың ағып кетуі салдарынан кемінде сегіз адам көз жұмды, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:12-де Гуйянның қоғамдық қауіпсіздік басқармасына қаланың экономикалық және технологиялық даму аймағының аумағында ішінде метилформиаты бар ыдыстарды түсіру кезінде жұмысшылардың біреуі есінен танып қалғаны туралы хабар келіп түскен.

Алдын ала тергеуге сәйкес, оқиға «Саньцянсинсин» химиялық сауда компаниясының ғимаратында болған. Метилформиаты бар ыдыстарды түсіру кезінде көлік құралынан сұйықтық ағып, салдары адам өліміне әкеп соққан.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиға орнында улы заттарды жою жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталуда, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар