Қытайдың мұнайхимия зауытында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы (Шаньдун провинциясы) мұнай-химия зауытында дүйсенбі күні таң ата болған жарылыстан 1 адам мерт болды. 7 адам із-түзсіз жоғалып, 6 адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Жарылыс сағат 01-00-де болып, Линьи қаласындағы Линьган экономикалық даму аймағындағы «Цзиньюй» мұнайхимия компаниясының жүк түсіру және салу алаңында өрт тұтануына себепші болды.

Апат болған кезде компанияда ұйымның 40 қызметкері мен бір жүргізуші болған. Осы уақытта олардың 34-імен байланыс орнады, 7 адам із-түзсіз кеткендердің қатарында. Зауыттың жауапты қызметкерлері тұтқындалды. Осы кезде резервуар паркі мен жүк түсіру мен салу алаңында әлі өрт болып жатыр. Өртті сөндіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар