+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

2020 жылғы 26 қараша 08:51
Бөлісіңіз:
Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Sinopharm фармацевтика компаниясы ҚХР-дың азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау мемлекеттік басқармасына COVID-19-дың алдын алатын вакцинаны тіркеуге өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау үш кезеңде жүргізіледі 18 жасқа толмаған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды - министрлік Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация қалай жүргізілетіні айтылды

Sinopharm жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу үшін екі инактивтелген вакцина жасап шығарды. Олар Қытайдан бөлек Перу, Иордания, Мысыр, Аргентина, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерде клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Халықаралық сынақтың үшінші фазасына 60 мың ерікті қатысып, олардың 40 мыңнан астамына екі инъекциядан салынды.

Sinopharm сынақтың қорытынды кезеңіне қатысты ешқандай мәлімет бермегенімен, Қытай билігі келесі жылдың шілдесінде компанияның екі экспериментті вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат берді.


Sinopharm басшылығының айтуынша, вакцина қауіп тобындағы 1 млн адамға салынып үлгерген.

«Шұғыл пайдалануға келер болсақ, біз бір миллионға жуық адамға вакцина ектік, бірақ қауіпті жанама әсері туралы бірде-бір хабар алмадық, тек жеңіл симптом ғана байқалған», - деді Sinopharm бас директоры Лю Цзинчжэнь.

Sinopharm компаниясы 2020 жылдың соңына дейін 100 млн доза вакцина шығаруды, ал келесі жылы өндіріс көлемін 1 млрд дозаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.


Авторы Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT