Jańalyqtar
Қытайдың көмір шахтасында 18 кенші қаза тапты
2020 жылғы 5 желтоқсан 18:13
Бөлісіңіз:

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының көмір шахталарының бірінде 18 адам көміртек моноксидімен уланып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару операциясы штабының мәліметінше, Чунцин қаласындағы Дяошуйдун шахтасында көміртегі моноксидінің шамадан тыс деңгейінен 18 адам көз жұмған.
Бір шахтер құтқарылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Еске сала кетсек, жұма күні кешке Чунцин қаласындағы Дяошуйдун көмір шахтасындағы апат салдарынан 24 шахтер жер астында қалған болатын.
Авторы Руслан Сүлейменов
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағандыда көп қабатты үйдің тұрғындары газдан уланып қалды
- Тунистің бірнеше өңіріне жаппай тәртіпсіздікпен күресу үшін әскер жіберілді
- Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады
- Бельгияда коронавирустың «британдық» штаммы тарап жатыр
-
Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 80-ге жуықтады
-
Амстердамда 100-ден астам адам рұқсат етілмеген наразылық акциясында ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER