Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді
2022 жылғы 12 тамыз 11:35

Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - COVID-19-дың жаппай таралуына байланысты шағын көтерме сауданың астанасы атанған Иу қаласында (Чжэцзян провинциясы) коронавируске қарсы шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 11 тамыздан бастап Иу қаласының барлық тұрғындары үшін үш күндік үй карантині енгізілген. Өнеркәсіптік өндіріс жабық цикл жағдайында жалғасуы мүмкін, бұл кәсіпорындардың жұмысшыларынан жұмыс орнында қалуын талап етеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Иу өнімдері 210-нан астам ел мен аймаққа экспортталады. Қазақстанға да осы «базар қаладан» халық тұтынатын тауарлар көптеп келеді. Пандемияға дейін жыл сайын Иу қаласына 500 мыңнан астам шетелдік бизнесмен тауар сатып алу үшін келетін.

Фото: pixabay.com




Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT