Қытайдың ішкі жалпы өнімі 2022 жылы 18 трлн долларға жетті

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2022 жылы Қытайдың ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 121,02 трлн юаньге (орташа жылдық айырбас курсымен есептегенде шамамен $18 трлн) жетіп, жыл ішінде 3%-ға артты. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының (МСБ) баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылы ІЖӨ 121,021 трлн юаньге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3%-ға артты», - делінген МСБ хабарламасында.

Мекеме мәліметі бойынша, Қытай тұрғындарының саны 2022 жылдың қорытындысы бойынша 850 мың адамға азайып, 1 411 млрд болды. Қала тұрғындарының саны 920,7 млн болса, ауылда 491 млн тұрғын бар.

2022 жылы астық өндірісінің жалпы көлемі 686,53 млн тонна болды.

5 наурыз күні Бейжіңде жыл сайынғы Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) сессиясы ашылады. Оның аясында былтырғы жылдың қорытындысы жасалып, 2023 жылға арналған ҚХР әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітеді.


Соңғы жаңалықтар