Қытайдың интернет-сегментінде Президентіміздің сөздері жиі танымал болып жатады – Зарема Шәукенова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема Шәукенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары аясында 19 мамырда Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Оның барысында елдеріміз арасында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика және энергетика салаларында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралатын болады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және ғылыми байланыстарды тереңдете түсу аса маңызды

, – деді Зарема Шәукенова ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Сарапшы 2019 жылы өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы ресми сапарын Қытай Халық Республикасына жасағанын еске салды. Осы сапар аясында Мемлекет басшысы Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқыды. Президент академия профессорлары мен сарапшыларының, қазақстандық студенттердің алдында сөйлеген сөзінде қоғамдық ғылымдар кез келген мемлекеттің дамуын айқындайтынын атап өтті. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы ҚХР үшін мемлекеттік маңызды құрылым саналады. Академияның орталықтары мен институттары әлемдік ғылыми зерттеулерге елеулі үлес қосып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан достық қарым-қатынастарды нығайтуды, көршілерімен және басқа серіктестермен де өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды жалғастыратынын мәлім етті.

Ең біріншіден, бұл достарымызға қатысты, Қытай – Қазақстан егемендігін, Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын алғашқылардың бірі болып мойындаған бізге ең жақын мемлекеттердің бірі. Сондай-ақ ҚХР ядролық державалар арасында алғашқылардың қатарында Қазақстанға қандай да бір алдын ала шартсыз тиісті кепілдіктер берді. Қазақстан – Қытай қарым-қатынасының дамуына «үш зұлымдық күші» – діни экстремизм, сепаратизм және терроризммен күрес мәселесіндегі біздің ортақ ұстанымымыз да ықпал етті. Біздің Президент Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында Қазақстанға қатысты зерттеулер жүргізетін және қазақ тілін жақсы білетін сарапшылар бар екеніне ерекше назар аударды. Халық тіліне құрметпен қарау – қарым-қатынастың негізгі кілті екені сөзсіз. Біз интернет желілерінің қытайлық сегментінде Президентіміздің қытай тілінде сөйлеген сөздері қысқа роликтер, үзінділер ретінде жылдам және кеңінен тарап кететінін жиі байқаймыз. Қытайдың көптеген интернет-қолданушылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілін жақсы меңгергенін айтып жатады. Бәлкім, әлем көшбасшыларының арасында қытай тілін жетік білетіндер аз шығар

, – деп тоқталды Зарема Шәукенова.

Оның айтуынша, синолог-ғалым, Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын зерттеуші Темір Омаров (Бішкек) өзінің таяуда берген сұхбатында Қазақстаннан басқа Орталық Азия елдерінде қытайтану саласы дамымай жатқанына тоқталған еді.

Жалпы қазақстандық ғылымның одан әрі дамуына және оның әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарының жаңа серпініне Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру туралы шешімі ықпал еткені сөзсіз. Қазіргі уақытта Президенттің тиісті Жарлығымен ҚР Ұлттық ғылым академиясы ҚР Президенті жанындағы ұйым мәртебесін алды. Ал Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады

, - деп түйіндеді Зарема Шәукенова.


Соңғы жаңалықтар